Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Зияткерлік ойын «Своя игра»!

Зияткерлік ойын «Своя игра»!

15 Мамыр 2015

Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай 2015 жылдың 5 мамырында ҚММУ-да интернатура деканатымен бірге №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері және интерндерімен ұйымдастырылған «Своя Игра» атты зияткерлік марафон өтті, оған әр түрлі дайындау бағытындағы интерндер қатысты. Қатысушылар тарихты жақсы білу арқылы жас ұрпақтың өткенге құрметін көрсете білді. Барлық көрермендер ойын барысына үңіліп, өздерін атақты «Своя Игра» телебағдарламасының қатысушысы ретінде сезінген әр ойыншыны қолдап отырды.

Ойын қорытындысы бойынша 1900 ұпаймен Е. Хабло ұтты, интернатура факультетінің деканы В.Б. Ташкенбаева «Своя Игра» жеңімпазы дипломы мен естелік сыйлық ұсынды. Барлық қатысушыларды сертификаттармен, ал іріктеу кезеңінен өткендерге ҚММУ студенттерінің тұмары – Суырмен марапаттады.

Бағдарламада Жалпы медицина факультетінің 4-курс студенттері: В. Рогозин, А. Шунгулов, А. Шабаров; 5-курс студенттері: М. Головина, Т. Еремеева, Ч. Абылханов, И. Бримжанова қатысты. Ойынды ұйымдастыруға және жүргізуге үлкен үлес қосқан №2 ішкі аурулар кафедрасының интерндерін А. Собянин, В. Цой, А. Трофимова, И. Механцеваны ерекше атап өткен жөн.

Көрермендер ойын ұйымдастырылуының жоғары деңгейін және мол оң эмоция мен мерекелік көңіл-күй алғандарын атап өтті.


0
17107

пікірлер

пікір қалдыру үшін.