Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біздің - есімізде, біз - құрметтейміз…

Біздің - есімізде, біз - құрметтейміз…

20 Мамыр 2015

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараға Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің СӨӨБК-нің белсенділері қатысты. Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім Атамекен тарихын және еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында қаза болғандарды еске алуға, ондай игі істерге студенттердің қызығушылығын арттыру үшін бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды.

Жоо-ның студенттеріне «Менің отбасымдағы соғыс тарихы»тақырыбынаэссе жазу ұсынылды. Сол кезеңге саяхат жасап, Ұлы Отан соғысы қатысушысының әскери жолы туралы әңгімелеу. Жұмыстар 1 сәуірден 1 мамырға дейін қабылданды, байқауға жоо-ның барлық курстары мен факультеттерінің студенттері қатысты.

Әділ-қазылар алқасының пікірінше мемлекеттік тілдегі үздік эсселерді, Мейрамкул Ибадуллаева (1-017 ЖМ), Әділет Жақсылық (1-033 ЖМ) және Гаухар Сандибекова (1-052 ЖМ) ұсынды. «Орыс тіліндегі үздік эссе» номинациясында байқау жеңімпаздары: Ольга Зорина (2-002 МІ), Дарья Волкова (1-084 ЖМ) және Кристина Красикова (4-097 ЖМ) болды.

Сондай-ақ наурыздан сәуірге дейін ҚММУ-даҰлы Жеңістің 70 жылдығына арналған студенттік қабырға газеттері байқауы өтті. Номинация тақырыптары бойынша үздік аталғандар:

«Құрбан болғандар естелігіне…»: Жансая Жұмабай (1-031 ЖМ) және Нұржас Құдияр (1-012 ЖМ).

«Біздің - есімізде, біз - құрметтейміз…»: Гульзира Желамбаева (1-078 ЖМ).

«Ұлы Отан соғысының ерлері»: Надежда Бурмистрова (7-055 ЖМ). 

ҚММУ медицина колледжінде 1 наурыздан 30 сәуірге дейін білім алушылар арасында шығарма байқауы ұйымдастырылды. Үздік болып Жанара Габдуллинаның (101 КОМ), Дарын Әбілжановтың (101 КОМ) және Зәулім Толеутайдың  (201 КСД) жұмыстары танылды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 12 мамырда Ғылыми Кеңес залында өтті.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім байқауларды өткізуге көмектескен қазақ және орыс тілдер кафедрасының, ҚММУ медициналық колледжінің профессор-оқытушылар құрамына алғысын білдіреді.

Әсел Мамбетова

жастармен жұмыс жөніндегі бөлім маманы 

0
17573

пікірлер

пікір қалдыру үшін.