Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Чемпионды еске алу турнирі

Чемпионды еске алу турнирі

22 Мамыр 2015

16 мамырда Бөкетов атындағы ҚарМУ қазақша күрестен қалалық біріншілік өтті. Турнир Қарқаралы ауданының алғашқы спорт шебері Жакен Татиұлы Татиевті еске алуға арналған. Біздің университеттің атынан жалпы медицина және стоматология факультетінің 1-курс студенті Зекен Ермұрат (1-003 топ) шықты. Үздік дайындықты, сонымен қатар жеңіске құштарлығын көрсетіп, «90 кг. дейінгі» салмақ көрсеткішінде Зекен құрметті 2-орынға ие болды.

«Қазақ күресі» секциясының жаттықтырушысы Асхат Кәріғұлұлы Түсіпбековке спортшыны жарысқа үздік дайындағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Зекенге оқуында және жарыстарда сәттілік тілейміз. 

ҚММУ спорт клубы


0
17680

пікірлер

пікір қалдыру үшін.