Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі тіл мамандарының І Республикалық құрылтайы

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі тіл мамандарының І Республикалық құрылтайы

25 Мамыр 2015

2015 жылғы 15 мамыр күні  Алматы қаласында ҚР ДСӘДМ мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының, ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі ұйымдастырған «Мәңгілік Ел – Қазақстан: мемлекеттік тілдің кемел келешегі» атты Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі тіл мамандарының І Республикалық құрылтайы өтті.

Құрылтайда Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы қол жеткізген жетістіктермен танысу, үздік тәжірибені ортаға салу, түйінді мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын табу, практикалық денсаулық сақтау жүйесіндегі жоғары білікті кадрларды қалыптастыру арқылы мемлекеттік тілдің келешектегі даму мүмкіндіктері талқыланды.

Қатысушылар контингенті: ҚР ДСӘДМ өкілдері, Алматы қ. Әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, тіл білімі бойынша жетекші сарапшылар, лингвист-ғалымдар, қазақ тілі оқытушылары, әдіскерлер, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мамандар, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының басшылары, тіл мамандары болды. 

Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті үлгісінде медициналық білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік тілдің дамуы мен қолдануы бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері» атты баяндамасымен Медициналық білім беру бөлімінің оқытушысы А.А.Аубакирова таныстырды. Баяндаманы Құрылтайға қатысушылар жоғары бағалап, ҚММУ мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыстарының нәтижесі денсаулық сақтау жүйесінің басқа да мекемелері үшін жарқын үлгі болды. Іс-шара аяқталғаннан кейін Мемлекеттік бағдарламаның міндеттерін жүзеге асыру бойынша баяндамашыға тәжірибе алмасу мақсатында құрылтайға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды.

Осы бағыт бойынша ұйымдастырушылар атынан ҚММУ ректоры Р.С.Досмағамбетова атына алғыс хат берілді.


0
17108

пікірлер

пікір қалдыру үшін.