Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблінің есептік концерті

«Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблінің есептік концерті

09 Маусым 2015

29-мамырда ҚММУ акт залында үлкен табыспен «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблінің есептік концерті өтті. 

ҚММУ визиттік карточкасы деп «Қаракөзді» бекер атаған жоқ, осы жолы да би ұжымы өз табынушыларына көрікті ұмытылмас әсерлер сыйлады. Бұл концертке ансамбль аттай жыл бойы дайындалды. Ансамблдің барлық қатысушылары лайықты өнер көрсету үшін барынша күш-жігерін салып тырысты.

Бір жарым сағатқа шамаланған концерт көрермендерге толған залды жинады. Қатысушыларды қолдауға көптеген достар, туыстар, оқытушылар және бейжай емес адамдар келді. Сонымен қатар, концертте біздің ЖОО-ның ректоры Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Вилен Борисович Молотов-Лучанский болды.

Өз есептік концертінде ансамбль көрермендерге он екі ең жарқын және әсерлі би нөмірлерін сыйлады. Бағдарламаны «Махаббат сыры» көркем биі ашты, көпшіліктің қол соғуларына қарағанда қыздардың биі көрермендердің жүрегіне жетті. Ендігі кезекте концерттік бағдарламада «Қыз сезімі» ең нәзік және әсем биі болды, бұл биді орындауда ансамбль қатысушылары алдында қарапайым емес тапсырма – пластика құралдары арқылы қазақ халықтық бидің барлық мағынасы мен сұлулығын жеткізу болды. Бұл тапсырманы олар жүзеге асырды! Одан кейін көрермендер киелі Қытайға қызықты саяхат жасап желпуіштермен қытай биін тамашалады. Содан соң біздің қыздардың арқасында көрермендер залы құмарлық және шабыт елі - ыстық Испанияға көшірілді. Бірақ бұл ансамбль қатысушылары таңқалдырылған соңғы нәрсе болған жоқ. Жалынды жігіттер және сәнді қыздар көрермендерге қызықты «Лезгинканы» сыйлады. Кавказ биінің сұлулығы қайталанбас және әлдеқашан бір ұлтқа ғана қатысты емес. 

Сөзсіз іс-шараның ең мұңды сәті – бұл жылдың бес университет бітірушілермен қоштасу болды. Олар ең әсерлі және таңдаулы қатысушылары: Тойымбекова Нәзерке, Ильясова Әсел, Байзакова Диана, Өскенбаева Фариза және Мукатаева Перизат осы жылы университет бітіріп «Қаракөзден» кетеді. Қыздардың мінездері және темпераменттері әр-түрлі, бірақ оларды хореографияға деген сүйіспеншілік біріктірді. Түлектер ата-аналарына, сонымен қатар барлық түлектерге оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор естелікке алғыс хаттарды және ұжымдық портреттерді табыс етті.

  Мукарамова Айсұлу (2-007 ЖМ)


0
18420

пікірлер

пікір қалдыру үшін.