Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
2015 жылғы үздік тәуелсіз сарапшы

2015 жылғы үздік тәуелсіз сарапшы

17 Маусым 2015

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігі «2015 жылғы кәсібінің үздігі» атағын беруге жыл сайынғы республикалық конкурсының қорытындыларын шығарды. «2015 жылғы үздік тәуелсіз сарапшы» номинациясында 3-орынға ҚММУ ФНПР педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасының  профессоры міндетін атқарушы, медицина ғылымының кандидаты Алмагүл Болатқызы Күзгібекова ие болды. Номинанттарды жалпы кәсіби деңгейі, әлеуметтік машықтары, жеке сапалары бойынша 10 өлшем арқылы бағалады.

Атап көрсету керек, ҚММУ өкілдері жыл сайын осы мәртебелі  конкурсқа қатысып келеді және әрқашан жүлделі орындарға ие болуда.

Алмагүл Болатқызын осы жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!


0
17522

пікірлер

пікір қалдыру үшін.