Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мемлекеттің басты кітабы

Мемлекеттің басты кітабы

08 Қыркүйек 2015

ҚР Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге орай университеттің студенттік белсенділері «Мемлекеттің басты кітабы» тақырыбына университеттің студенттік өзін-өзі басқару комитеті, пікір-талас клубтарының және ҚММУ ынталы студенттер клубының мүшелері және жетекшілері қатысқан дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – бұл жастардың өз Конституциялық құқытарын білумен байланысты мәселелерді белгілеу бойынша университет көшбасшылары мен белсенділерімен диалогтық алаң ұйымдастыру.

Дөңгелек үстел отырысын ашып, Милаева Ирина Ивановна ашып,  құқықтық мәдениет және кәсіби этиканы қалыптастыру  бойынша комиссиясының төрағасы өз мемлекетінің Конституциясын білу – бұл құқықтық мәдениет және өзіндік сана сезімді қалыптастырудағы бірінші қадам екенің айтты.  Әрбір азамат Коституцияны оқып, бізді не біріктіретіндігін түсінеді, бұл біріншіден – қоғамдық келсім, саяси тұрақтылық және экономикалық даму. Бұл – халықаралық акттар мен талаптарға сәйкес Конституцияда бекітілген құқықтар және еріктер тізімі.

«Конституция деген не?» таныстыруын мемлекеттік тілде дайындағанАғилаФазыл сөз сөйледі. Өз жұмысында Ағилаәрбір азаматтың міндеті негізгі Заңымызды қолдана отырып, мемлекет гүлденуі үшін қызмет ету болып табылатындығы туралы айтты.

Білімді және білікті жастар – бұл мемлекет болашағы, - деп СӨӨБК төрағасы Темірлан Саматов әңгімені жалғастырды. Біздің мемлекетке біз үшін үлкен мүмкіндіктер жасалған, жан - жақты демеу көрсетіледі.

Бізге, жастарға Негізгі заңды ерекше ынтамен оқып, түсіну керек және осындай кездесулер өте маңызды,  - екендігін, жалпы медицина және стомалогия факультетінің 3 - курс студентіДәулет Қайрберлин ескертіп көрсетті.

Әңгіме арасында заманауи әлемде қазақстандық қоғам амандығы және дамуы кепілдігі ретінде Конституцияның рөлі мен мәртебесі туралы сұрақтар талқыланды. 

Профилактикалық медицина, биология және фармация факультеттерінің 4 - курс студенті Жұлдыз Қуаныш және жалпы медицина және стомалогия факультетінің 3 - курса студенті Руслана Майлыбаева, Алуа Кенесова, Игорь Фисенко, Айжан Хамзина, Айгүл Джетибаева, Нармурада Ганиева және Ермұрат Зекен қызықты сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы және мемлекеттік құрылымға сәкес Студенттердің өзін-өзі басқару комитеті «Самұрық» Студенттік Республикасына қайта құрылады.

«Халықтың басты кітабын» зерттеуді ынталандыру үшін университет СӨӨБК ҚР Коснтитуциясын білуге жыл сайын викторина өткізуге ұсыныс білдірді. Бұл жастардың ҚР Конституциясы білімін жоғарлатуға, патриотизмді ұлғайтуға жағдай жасайды.

Дөңгелек үстел отырысының барлық қатысушылары осындай іс-шаралар жастарды біріктіріп, олардың патриоттық сезімдерін тәрбиелейтіндігіне қосылды.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
14709

пікірлер

пікір қалдыру үшін.