Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мерейтой қорытындысында….

Мерейтой қорытындысында….

13 Қазан 2015

2015 жылдың 9 қазанында университет акт залында мерейтойға арналған мерекелік іс-шаралар аяқталды.

ҚММУ еңбек ардагерлеріне медициналық институтының алғашқы ректоры П.М.Поспеловтың медалімен марапаттау салтанаты және концерт өтті.

Салтанатты жиналыстың жүргізушілері оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор В.Б.Молотов-Лучанский және студент Е.Мусабаев (4-028 ЖМ) болды. Шын жүректен және жылы ниетпен олар барлық жиналғандарды университет мерейтойымен және мұғалім күнімен құттықтады. Көрермендер назарына 65-жылдық тарих жайлы фильм және өткен университет күндері туралы бейнеролик ұсынылды.

Құттықтау сөзімен сахнаға тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі С.П. Терехин шықты, ол университет ректоры Р.С.Досмағамбетоваға П.М.Поспеловтың медалін табыстады. Өз кезегінде Раушан Султановна алғыс сөздерімен еңбек ардагерлерін және кафедралар меңгерушілерін марапаттады.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөліммен ұйымдастырылған концерттік бағдарламада өз өнерін және таланттарын университет көркем-өнер үйірмелері көрсетті. Көрермендер әсем әндерді, домбыра оркестрінің туындыларын, түрлі жанрдағы феериялық билерді тамашалады.

Мерейтой құтты болсын біздің сүйікті университет!

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
13574

пікірлер

пікір қалдыру үшін.