Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дөңгелек үстел.

Дөңгелек үстел.

15 Қазан 2015

8 қазанда, жастармен жұмыс жөніндегі бөлімімен «Жұлдыз» жастар денсаулық орталығының өкілдері университетіміздің 65 жылдығына арналған «ҚММУ өмірінің парақтары» дөңгелек үстелін өткізді.

Отырыс Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталып, ҚММУ туралы бейнежазба көрсетілімімен жалғасты. Дөңгелек үстелдің өтуі  барысында «Жұлдыз» жастар денсаулық орталығының студенттері баяндамаларын оқыды. Қаныбекова Карина ҚММУ білім беру тарихы туралы баяндамасын оқыса, Мерекова Айжан Петр Моисеевич Поспелов туралы, Ержанов арман Алалыкиндер жанұясы туралы баяндамаларын оқыды,  Альменова Әсел қазіргі ҚММУ ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы  туралы әңгімелеп берсе және Николайчук Светлана «ҚММУ әйгілі бітірушілері» тақырыбына байндамасын дайындады.

 

Сонымен қатар, студенттер өздеріне ұнайтын кафедралар және оқытушылар туралы ақпараттық баяндамаларды оқыды. Есенғали Назерке микробиология кафедрасы туралы, Қажығалиева Айна ҚММУ оқытушысы Түсіпбекова Майда Масхапқызы әңгімеледі.

  Дөңгелек үстел Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің тарихы жайындағы біздің білімімізді тереңдете түсті және патриоттық сезімімізді нығайтты.

  «Жұлдыз» ЖДО жетекшісі

Қаныбекова Карина


0
13154

пікірлер

пікір қалдыру үшін.