Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңадан қосылғандар үшін турнир

Жаңадан қосылғандар үшін турнир

15 Қазан 2015

9 қазанда, ҚММУ-де жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен сүйікті университетіміздің 65 жылдығына арналған «Медицинаның қайшылас мәселелері» тақырыбында пікірталас турнирі болып өтті. Турнир пікірталас клубының ұжымына қосылған жаңадан келгендер үшін өзіндік тартысқа толы болды. Келесі қарарлар ойнатылды:

1.  БЦЖ екпесі. Жағымды және жағымсыз жақтары.

2.  Жоспарланған флюорография және онкологиялық аурулардың дамуы.

3.  Кішкене кезінде аппендиксті алып тастау.

  Жаңадан қосылғандардың құрметіне, олар абыржымай берілген аумақта өте жоғары білімді екендіктерін көрсете білді, қарарлар ашық болды және әр қатысушыларға дайындалуға мүмкіндік берілген.

  Біріншілік үшін тартыс шындыққа ұласты. Тақырыпқа дәлелдер көп емес, бірақ біздің қатысушылармыз медицина жағынан және экономикалық тұрғыдан, ғаламға, әлемге, халыққа қалай әсер ететіндігі туралы жағынан сұрақтарды қарастырды. Қорытындысында барлығы күтпеген шешімге келді. Тарихқа зер салды, әлемге, сонымен қатар халыққа қалай әсер ететіндігі туралы тәжірибеде қолданылған берілген сұрақтарға жауап ізделді.

  Турнирдің қорытындысы бойынша: БЦЖ және жоспарланған флюрография қажет, ал аппендексті алып тастауға  болмайды, бір спикер «Құдай туғанда барлығын берді, әрқашан әр нәрсе өз орынында болуы керек» деді.

  Ойынның қорытындысы бойынша, келесідей бөлінді:

1 - орын: «King S» командасы - Гофман Сабина 2-054 ЖМФ және Жумашев Санжар 2-071 ЖМФ

2 - орын: «Lumos» командасы - Гоманюк Тамара 2-081 ЖМФ және Жукова Надежда 2-079 ЖМФ

3 -орын: «Ақиқат» командасы- Қасымов Азамат 1-004 Стом және Сейданов Дінмұхамед 5-097 ЖМФ

  Турнирдің барлық қатысушылары құрмет дипломдармен марапатталды және ұмытылмас сезімдерге толы болды.

 

И. Фисенко

3056 ЖМ

«INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі


0
12768

пікірлер

пікір қалдыру үшін.