Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Маусымашар 2015»

«Маусымашар 2015»

19 Қазан 2015

2015 жылдың 9 қазанында Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында Қарағанды облысының барлық аймақтарынан командалар қатысқан «Маусымашар 2015» КТК фестивалі өтті.

Біздің университет те қалыспады. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынан «Күлкі синдромы» қазақ КТК командасы қатысты, құрамына М. Қайып (2-084 ЖМ), М.Исаберген (3-008 ЖМ), Д.Баян (2-044 ЖМ), Б.Айтбай (2-047 ЖМ), Е.Ғани (2-030 ЖМ), М.Боранбаева (2-051 ЖМ), Д.Сирохи (5-001а ЖМ) кірді.

«Визит карточкасы» атауымен бір кезеңнен  құралған фестивальға барлық командалар жоғары деңгейде дайындалған. Біздің команда барлық қарсыластарынан озып бірінші орынға және ойын кубогіне ие болды. 

Ойын көріп үлгере алмағандар «Қазақстан-Қарағанды» арнасының сайтынан көре алады.

Құттықтаймыз және шын жүректен сәттілік тілейміз.

Нұрсұлтан Хусанов

5-001 ҚДС тобының студенті


0
12441

пікірлер

пікір қалдыру үшін.