Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Өткен өмірге лайықты - ұлағатты болашақ. (Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабынан тезистер).

Өткен өмірге лайықты - ұлағатты болашақ. (Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабынан тезистер).

06 Қараша 2015

Қазақстан  мемлекетінің 550 - жылдық мерейтойы – 2015 жылы  Қазақстан тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. Біздің заманауи тарихымызға арналған бір жыл ішінде мерекелер ретінде және ғылыми іс-шаралар түрінде салтанатты оқиғалар жүргізілді. Егер біздің тарихымызға аздап тереңдеу қарайтын болсақ, онда біз халқымыз бен  мемлекетіміздің  ауқымды және маңызды  оқиғаларын сенімділікпен айтуға болады. Қазақ хандығын оқып үйрену өте күрделі және созылмалы көп ғасырлық  үрдіс. Қазақ мемлекетінің дамуы  мен қалыптасуын және біріктіруі  мен нығайтуы, қазақ халқының  бүтіндігін сақтау маңызды болып табылады.

Қазіргі кезеңде біздің  ЖОО мен қоғамымыздың  ең маңызды шешімі болып нақты патриоттық  сезімде және рухани адамгершілікті сонымен қатар әлеуметтік  құндылықты ояту, себебі Қазақстан жылдар  бойы  өзінің тарихының ең мықты екенін байқатып келеді.

Мемлекетімізде патриоттық аспект саяси және мәдени - әлеуметтік ахуал ең өзекті есеп болып табылады. ЖОО жастар арасындағы адамгершілік тәрбиесінің негізгі мақсаты білім беру үрдісі бойынша тәрбиелеу.Тәуелсіз заманауи Қазақстанның құндылығын ұғыну, оқып үйрену және сыйлау үшін ең алдымен оның тарихының әрбір бетін зерттеу қажет. Біздің ата-бабаларымыздың қантөгіс соғыста даламызды басып алушы және халқымыздың жарқын болшаққа деген сенімін қорғағандағы,елдіміздің жеңісін тек сонда ғана жас ұрпақ түсінуі мүмкін.

Осы себептен тарихты еске тусіру үшін конференция ұйымдастырылды. Бұл конференция апта сайын балалар  жұқпалы аурулар кафедрасында жүргізіледі. Кафедраның ерекшелігі осы  бағыт болып табылады. Мұғалімдер мен студенттер конференцияға дайындыққа жауапкершілікпен қарайды. Барлық маңызды сұрақтарды қамтуға тырысады. Барлық материалдарды қол жетімді яғни таныстырылым, баяндама түрінде дайындалды.

Конференция мына топ студенттерінің 4-030, 4-031, 4-032, 4-091, 4-102, 4-103 ЖМ және С, интерндердің 7-023, 7-025 сонымен қатар кафедра мұғалімдерінің қатысуымен жүргізілді. Баяндаушылыр - Қадырова Мақпал мен Нұрғалиева Перизат, 4-031 мен 4-091 ЖМ және С топ студенттері. Қорытынды оқиғаға байланысты нақты және түсінікті жауап берді. Қазақ хандығының тарихындағы қазақ хандарының әр кезеңде басқару мәселелері бойынша сұрақтар қарастырылды. Бейнежазбада Астанада жүргізілген ауқымды концерттің үзіндісі көрсетілді. Айта кететін жайт кафедраның жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылығын және осы іс-шаралар студенттердің өміріне маңызды екендігін түсіну. Жас ұрпақ осындай іс-шаралар өте маңызды екендігін түсіну қажет. Өйткені ол болашық дәрігерлерге пайдалы және қажет. Себебі дәрігер жан-жақты болуы керек, сонымен қатар тек  қызмет бабындағы сұрақтарды  білу және сауатты болу ғана емес сонымен қатар өз Отанының тарихын білу керек. Адам өз отанының тарихын білмейтін болса, онда ол отанын мақтан тұтпайды, сыйламайды  және болашақ жайлы уайымдамайды. Балалар жұқпалы ауруларындағы қызметкерлердің  негізгі аспектісі болып  көп жылдық тәжірибелері арқасында және өз жұмысына адал берілуі мақсатында сонымен қатар студенттердің рухани дарындылық деңгейі болып табылады.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор  Р.Х. Бегайдарова

0
12171

пікірлер

пікір қалдыру үшін.