Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Мүшайра

09 Қараша 2015

  27 қазанда Сәкен Сейфуллин атындағы театрда Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеуге  арналған «Бұқарекең жырлайды» (мүшайра) байқауы болып өтті. Байқауға орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Марқасқа авторлар да шетте қалмады.

Байқау 3 бөлімнен тұрды:

1.  Мәнерлеп оқу.

2.  Арнау.

3.  Музыкалық әрлеумен мәнерлеп оқу.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «Жыр жауһар» авторлық поэзиялық клубының қатысушылары Жуатай Қуаныш және Рәсілхан Досымбек қатысты. 2-018 ЖМ топ студенті Рәсілхан Досымбек «Бұқар жырауша» номинациясының жеңімпазы атанды.

Байқаудың барлық жеңімпаздары құрмет дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ибрагим Тоғжан

4047 ЖМ


0
11824

пікірлер

пікір қалдыру үшін.