Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жастар - Қазақстан болашағы!»

«Жастар - Қазақстан болашағы!»

10 Қараша 2015

Қазан айының үш күнінде Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Халықаралық студенттер күніне арналған «Жастар – Қазақстан болашағы» аймақтық фестивалін өткізді.

Фестиваль бірнеше бағыттар бойынша өткізілді: «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыруда жастардың рөлі» дөңгелек үстелі; әлеуметтік бейнероликтер байқауы; заманауи билер байқауы; пікірталас турнирі (қазақ және орыс лигалары); КТК ойындары (мемлекетті және орыс тілдерінде) және спорт жарыстары (бозбалалар және қыздар арасында волейбол).

Фестиваль жұмысына 9 жоғары оқу орындарының делегаттары қатысты: Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазтұтыну Қарағанды экономикалық университеті, Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы, Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті, «Болашақ» Қарағанды университеті, Орталық-Қазақстандық академиясы, О.А. Байтұрсынов атындағы Жезқазған университеті және Қарағанда мемлекеттік медицина университеті.

Ашылу салтанатында өз өнерін «Кадриль» биімен халықтық шығыс билер ансамблі «Қаракөз» көрсетті.

Дөңгелек үстел отырысына ҚММУ атынан Темірлан Саматов, Луиза Дүйсенбиева, Ахмади Сражиев, Айдана Кулажан, Сандуғаш Серікбаева және Дәулет Қайрберлин қатысты.

Заманауи билер байқауында университет «Yes team» би тобының құрамында жетекшісі Антон Кнаус, Азамат Какенов, Дінмұхамбет Әзінбай, Батухан Малахан, Ксения Макарова, Әсемгүл Рамазанова, Лидара Сәкенова, Дарина Жумади, Татьяна Ан және Меруерт Бокаева 3-орынға ие болды.

Волейбол бойынша жарыстарда ҚММУ атынан қатысқан бозбалалар тобындағы Сұлтан Сатаев, Владимир Бухмиллер, Олжас Жандарбеков, Нұрсұлтан Саржанов, Ислам Турсиметов, Ойбек Абдуманнатов, Сухрап Пайзуллаев, Захриддин Насритдинов, Евгений Понаморев, Улугбек Ахметов және қыздар тобындағы Валерия Вакуленко, Анель Курманова, Маргарита Фогель, Ксения Сударикова, Валерия Гришанова, Кристина Шевченко, Анастасия Кирюшкина, Мөлдір Қалымбет, Диана Амантаева 3-орынға ие болды.

КТК ойындарында «Күлкі синдромы» командасы құрамында Нұрсұлтан Хусанова, Махмут Қайып, Дәурена Баян, Бақбергена Айтбай, Еркебұлана Ғани, Меруерт Боранбаева және Жансая Жәнібек құрметті 3-орынға ие болды. «Клиника смеха» КТК командасы құрамында Чингиз Салимов, Вячеслав Тюрин, Алдияр Расул, Адильхан Хамитханов, Лидар Сакенова, Сабина Шаймерденова, Арслан Бейсекеева, Тимур Тюлькебаев, Сабина Ахметова және Дарина Магомедов 2-орынға ие болды.

Пікірталас турнирінде «Намыс» командасының құрамында Надира Жайбағысова және Ұлжан Зарлықова қатысты. «In sight» командасының құрамында Сабина Гофман және Азамат Қасымов 2-орынға ие болды.

  «Өр бабаның ұрпағымыз!» тақырыбындағы мүшайраға университет атынан Тоғжан Ибрагим, Дина Сабит және Арайлым Қадір қатысты.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына Қарағанды облысы әкім орынбасары  Ж.А.Абишев, Қарағанды облысы жастар сұрақтары жөніндегі басқармасының басшысы М.М.Мукушев және ҚарМТУ ректоры А.М.Газалиев, жоғары оқу орындары әкімшілігінің өкілдері, барлық қатысушылар қатысты.

Т.Саматов

«Самұрық» Студенттік Республикасының

президенті


0
12830

пікірлер

пікір қалдыру үшін.