Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Қос жеңіс.

12 Қараша 2015

7-8 қарашада Е.А. Бөкетов атындағы Карағанды мемлекеттік университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге арналған, Қарағанды әкімінің кубогіне дәстүрлі қалалық пікірталас турнирі  болып өтті.

Турнир үш форматта өтті: америкалық парламент (APD), Британдық парламент (BPD) және Линкольн-Дуглас (LD), үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс. Турнирдің ұйымдастырушылары – Қарағанды қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы, ал қатысушылары – жоғары оқу орындарының студенттері және Қарағанды пікірталас бірлестіктерінің командалары.

Қарағанды мемлекеттік медицина универитетінен «Намыс» (қазақ лигасы) және  «Insight» (орыс лигасы) пікірталас клубтарының қатысушылары қатысты: 

«Линкольн – Дуглас» форматында (қазақ лигасы) сөзсіз І орынды «Намыс» пікірталас клубының спикері  Егентаева Маржан (6-002 интернатура);

  орыс лигасында, «LD»  форматында «INSIGHT» пікірталас клубының спикері Даноян Гарикке (2084 ЖМ) тең келетін ешкім болмады - І орын;

  сонымен қатар, біздің студенттеріміз Қойшын Мөлдір (2-030 ЖМ) және Есенбай Әсем (2-014 ЖМ) «KSMU.KZ» командасы APD форматында жүлделі үшінші орынға ие болды.

  Турнирдің барлық жүлдегерлері алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

  Пікірталас турнирі республика жастарының қоғам өміріне белсене қатыса отырып, серпінді өсіп және дамып келе жастқандығын тағы да дәлелдеді.

«INSIGHT» пікірталас клубының жеткшісі

Фисенко Игорь 3056 ЖМ


0
12068

пікірлер

пікір қалдыру үшін.