Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Лунд Университетіндегі ғылыми тағылымдама.

Лунд Университетіндегі ғылыми тағылымдама.

11 Мамыр 2017

17.04.2017ж. -  27.04.2017ж. «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медико-профилактикалық іс» және «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» мамандығының 1 және 2 жыл магистранттары Лунд Университетінде (Лунд қ., Швеция) ғылыми тағылымдама өтті. Лунд Университеті, біздің университиетіміздің стратегиялық серіктесі, ғылыми зерттеу саласында  әйгілі университеттердің бірі болып саналады. Бұл университет осы сала аясында үлкен және кең  мүмкіндік береді, сонымен қоса әлемнің 100 үздік университетерінің қатарына кіреді.

Лунд Университеті магистранттарды құшақ жая қарсы алды. Магистранттар жобалық менеджментке кіріспе бойынша профессорлардың дәрістеріне қатысты. Дәрістер таныстырылым түрінде және оқытудың интерактивті әдістерін қолдану арқылы өткізілді. Профессорлар оқытуға деген білікті тәсілдерімен ұнады.

Дәрістерден кейін қаланың көрікті жерлері, мәдени және тарихи  ескерткіштері қаралды. Жергілікті халықтың тілектестік қарым-қатынасы байқалды. 

Бағдарламаның аяқталуымен, барлық магистранттар ғылыми тағылымдаманы Лунд қаласының Университетінде өтуі жөнінде сертификат алды. 

Қорытындылай келе, кәсіби машықты жетілдіру мен арттыруға және тағылымдаманы шетелде өтуге мүмкіндік берген жоғары оқу орнымыздың әкімшілігіне үлкен алғысымызды білдіреміз. Бұндай серіктестік ҚММУ мен Лунд Университетінің арасындағы достықты ары қарай  нығайтуға  мүмкіндік береді.

Ж.Е. Болатова

Ж.Е. Балтаева

О.О. Кактаев

А.Ш. Музафарова

З.М. Мустафаев

К.Е. Нукештаева

Е.Н. Туймебаев

А.О. Уресаев

А.К. Шакаримов

Г.Ж. Токтибаева

А.Л. Суровцева

А.С. Мукажанова


0
7803

пікірлер

пікір қалдыру үшін.