Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
16 желтоқсан – Қазақстандағы тарихи күн

16 желтоқсан – Қазақстандағы тарихи күн

19 Желтоқсан 2018

13 желтоқсанда ҚММУ акт залының сахнасында жыл сайынғы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Кештің салтанатты бөлімін стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.А.Тұрмұхамбетова ашты. Ұзақ жылдардағы адал еңбегі үшін, сонымен қоса Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты университеттің үздік қызметкерлері «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеуде белгісімен, сонымен қоса Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің құрмет және алғыс хаттарымен марапатталды. Бұдан басқа, университет қызметіне белсенді қатысқаны үшін 20 университет қызметкері ҚММУ ректорының алғыс хаттарымен марапатталды және біліктілігі жоғары мамандарын дайындау бойынша университет жұмысына жоғары үлесі, адал еңбегі үшін университеттің 48 қызметкеріне алғыс жарияланды.

Салтанатты марапаттау рәсімі университеттің шығармашылық ұжымдарының мерекелік концертімен жалғасты.

Шығармашылық топтар әртүрлі мәдени бағдарламаны ұсынды. Көрермендер домбыра оркестрінің орындауындағы Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін жылы қарсы алды. «Туған жер» әнімен «Жігіттер» триосының қатысушыларын халық қошеметпен қарсы алды. Көрермендерді «Golden Step» және «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблінің орындауындағы «Қыз сезімі» және «Вальс» билері таң қалдырды.

Дана Ералиеваның және Мақсат Сражадиновтың «Менің Отаным» патриоттық әні, сондай-ақ Айдар Тулеев пен Самат Қайырбаевтың «Астана» әні мықты аккордпен орындалды.

Тәуелсіздік күніне жиналғандардың бәріне ерекше сыйлық - хор ұжымының топ жетекшісі Т.Д.Поверникованың сөздері мен әнін жазылған «Мир на земле» әні болды.

Мерекелік концерт «Атамекен» жарқын композициясын орындалуымен аяқталды. 

Жастармен жұмыс жасау бөлімі



0
2826

пікірлер

пікір қалдыру үшін.