Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі академиялық ұтқырлық

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі академиялық ұтқырлық

20 Желтоқсан 2018

Академиялық ұтқырлық аясында біз профессорлар С.К. Жаугашева және Д.Ж. Тайжанова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болдық. Бұл ЖОО бізді оқу, ғылыми, спорттық, тұрмыстық және басқа нысандардың құрылымымен құрастырудың мақсаттылығымен  таң қалдырды. Университетте 7 факультет және 3 ғылыми-зерттеу институтты бар, бірақ біздің ықыласымыз медицина факультетінде болды. 

Студенттер модульдік жүйе бойынша оқиды. Тәжірибелік дағдыларын жоғарлату мақсатында студенттер клиникалық-оқу орталығында муляждармен жұмыс жасайды, шет ел оқытушыларының жүргізетін онлайн сабақтарынан білім алады, университеттің клинико-диагностикалық орталығының ұйымдастырған мастер-кластарына қатысады. 

Академиялық  ұтқырлық бағдарлама аясында студенттер 1-2 семестрде оқу орындарында, ал оқытушылар Түрік клиникасында өткізуге мүмкіндіктері бар.  Ең үздік түлектер түрік тарапынан берілген квота мен грант бойынша оқуларына немесе жұмыс істеулеріне мүмкіндіктері бар. 

Бүгінгі таңда медицина факультеті жаңа клиникалық зертханалармен жабдықталған, мұнда ақпараттық-компьютерлік тестілеу және теледидар арқылы тарату негізінде заманауи оқу жүйесі құрылған. 

Бізге студенттердің «leges artis» сәйкес құралданған клиникалық-оқу орталығында оқыту ұнады. Бұдан басқа кітапхана жұмысындағы жаңашылдық элементтер бар,  біз ол әсерлермен ЖОО кітапханасының директоры М.Х.  Мананбаева бөлістік. 

Қорытындылай келе біз медицина факультетінің деканы м.ғ.д. профессор И.С. Молдалиевке, барлық ұжымға жылы және достық көңілмен қарсы алғандарына, жаңа тәжірибе алғанымызға алғысымызды білдіреміз. 

С.К.Жаугашева  м.ғ.д., профессор 

клиникалық фармакология және дәлелді 

медицина кафедрасы                                     

Д.Ж.Тайжанова  м.ғ.д., профессор № 1 ішкі

аурулар кафедрасының меңгерушісі

                                                                       


0
3048

пікірлер

пікір қалдыру үшін.