Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртанов Қарағанды Медицина университеті клиникасына іс-сапарымен келді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртанов Қарағанды Медицина университеті клиникасына іс-сапарымен келді

26 Желтоқсан 2018

Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «№2 қалалық аурухана» КМК ғимараты ҚР ДСМ «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК сенімді басқаруына берілді.

ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын және ҚР ДСӘДМ «Медициналық білім беруді жаңғырту» жол картасын іске асыру шеңберінде үш бірлестікті – білім, тәжірибе мен ғылымды дамытумен интеграцияланған академиялық орталықты дамыту жоспарлануда.

Қарағанды облысына сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртанов Қарағанды Медицинауниверситетінің клиникасына барды.

  Клиника амбулаторлық, стационарды алмастыратын, медициналық қызметтердің толық циклін көрсету қағидаты бойынша стационарлық көмекті біріктіруге мүмкіндік береді. Емдеу-диагностикалық және білім беру процестерін клиникалық кафедралардың профессорлық-оқытушылар құрамы жүзеге асыратын болады, бұл дәрігерлік кадрларды (дәрігер, оқытушы, бір тұлға ғалым) ұтымды пайдалануға, кадрлардың жоғары материалдық және кәсіби уәждемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  Қарағанды Медицинауниверситетінің клиникасы базасында жетекші халықаралық университеттердің стратегиялық әріптесімен бірге диагностика мен емдеудің заманауи әдістері енгізіледі. 

 Медицина университетінің клиникасы (ҚМУ) 3 қабатты күрделі ғимаратта Кочегарка көшесі 3 мекен-жайы бойынша орналасқан, 3900 ш. м. аумақты алып жатыр. Қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық және білім беру жабдықтары мен жиһаздарды сатып алуға университеттің инвестициялау сомасы 800 млн. теңгеден асты. ҚМУ құрылымында:

1. Қабылдау-диагностикалық блогы (ҚДБ)

2. Зертханалық блок (ЗБ)

3.Сәулелік диагностика блогы (СДБ)

4.Әкімшілік блок (ӘБ)

5.Келушілерге арналған блок (КБ)

6.Хирургиялық блок (ХБ)

7.Операциялық блок (ОБ)

8.Реанимациялық блок (РБ)

9.Терапевттік блок (ТБ)

ҚМУ облыстың ересек тұрғындарына ФСМС және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және ФСМС шеңберінде ұлттық және халықаралық стандарттар деңгейінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін болады.

ҚМУ-нің негізгі міндеттері:

Үшбірлікті іске асыру- білім, тәжірибе және ғылым;

Қаланың және облыстың ересек тұрғындарына университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету;

Университеттің жетекші қызметкерлерін тарта отырып, күрделі және қиын науқастардың консилиумдарын өткізу;

Интерндерді, резиденттерді және дәрігерлерді даярлау, оқыту;

Диагностика, емдеу және оңалту саласында меншікті және қарызға алынған ғылыми әзірлемелерді енгізу;

Техникалық қызметкерлерді, орта және кіші деңгейдегі медицина қызметкерлерін жұмысқа орналастыру үшін қосымша орындар құру. 


0
3511

пікірлер

пікір қалдыру үшін.