Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Мемлекеттік тілде медицицналық білім беру» атты айлықтың айнасы

«Мемлекеттік тілде медицицналық білім беру» атты айлықтың айнасы

27 Желтоқсан 2018

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде дәстүрлі түрде 2018 жылдың 5-24 желтоқсаны аралығында өткен  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған  «Мемлекеттік тілде медицицналық білім беру» атты айлығы  университет қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері үшін көптеген жақсы іс-шараларға толы болды.

Айлықтың бірінші күні университеттің 1-қабатында патриоттық музыка ойналды. Айлық аясында әр түрлі іс-шаралар атқарылды. Сонымен қатар мемлекеттік тілде оқулықтар көрмесі ұйымдастырылып, «Таза тіл» акциясы жарияланды.

Кафедралар арасында өткен «Қазақ тілі айлығына ат салысайық!» атты конкурсына сараптау жүргізу үшін ҚММУ ректорының көмекшісі В.Б.Молотов-Лучанский төрағалығымен кафедралар араланды. Сараптама комиссия шешімі бойынша, Гран-при иегері Стоматология кафедрасы атанды.  І орын Патология кафедрасына, ІІ орын Клиникалык иммунология, аллергология және микробиология кафедрасына, ІІІ орын Биология кафедрасына берілді. Сонымен бірге қазақ тілі, орыс тілі, шет тілдер, мейірбике ісі, нутрициология мен гигиена кафедраларына белсене қатысқаны үшін алғыс жарияланды.

Мемлекеттік тіл айлығы шеңберінде ӘБП, ПОҚ және студенттер арасында өткен «Қазақша оқы, Latynsha jaz» сайысы болып өтті. Бұл номинация жүлдегерлері болып келесі сайыскерлер анықталды: І орынды Академиялық жұмыс департаментінің маманы Кокаева Назгуль Аманжоловна, ІІ орынды мейірбикелік білім беру мектебінің әдіскері Турысбекова Арайлым Есенгельдиевна, ІІІ орынды Академиялық жұмыс департаментінің маманы Дутбаева Алмара Сериковна иеленді. Осы номинация бойынша студенттер арасында мейірбикелік білім беру мектебінің білім алушылары жеңіске жетті. І орынды Маржан Картаева, ІІ орынды Жанерке Жомартова, ІІІ орынды Назерке Иманбекова алды. Сонымен қатар ПОҚ арасында І орынды морфология мен физиология кафедрасының оқытушысы Жашкеева Аделия Маратовна, ІІ орынды Биологиялық химия кафедрасының оқытушысы Абишева Раушан Едигеевна, ІІІ орынды онкологоия және сәулелік диагностика кафедрасының ассистенті Акалиева Ғалия Тиллабековна иеленді.

Іс-шаралар аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында «Қыран» клубының отырысы, «Пою тебе, мой Казахстан» патриоттық әндер концерті, «Что? Где? Когда» көптілдік ойыны болып өтті. Барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.   

Студенттер арасында ұлттық спорт түрлерінен «ҚММУ қыраны» атты спорттық жарысы ұйымдастырылды.

ҚММУ кітапханасының қызметкерлері студенттік авторлық – поэтикалық «Жыр жауһар» клубы және «Eх Libris» әдеби клубымен бірлесіп, «Өмір шуағы» атты әдеби-сазды кеш өткізді.  

2018 жылдың 24 желтоқсанында «Мемлекеттік тілде медициналық білім беру үдерісіндегі әдістемелік және аударма мәселелері» атты тақырыпта семинар өткізілді. Семинар барысында аталған тақырыпқа байланысты әртүрлі мәселелер талқыланды және Қарағанды облысы Тілдерді дамыту басқармасының Ресурстық тілдер орталығы мен Қазақ тілі кафедрасы арасындағы ынтымақтастық аясында меморандумға және  бірлескен іс-шараларға қол қойылды. Cонымен қатар, бұл күні Мемлекеттік тіл айлығы өз жұмысын ресми түрде аяқтады.  


0
2938

пікірлер

пікір қалдыру үшін.