Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Мәңгілік ел жастары- индустрияға!»- «Серпін» әлеуметтік жобасы

«Мәңгілік ел жастары- индустрияға!»- «Серпін» әлеуметтік жобасы

29 Желтоқсан 2018

«Мәңгілік ел жастары- индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасыны бойынша 2018 жылы желтоқсан айының 10 күні «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандығында оқитын 3 курс студенттерінің материалдық- техникалық, оқу- әдістемелік және жатақханадағы әлеуметтік- тұрмыстық жағдайына мониторинг өткізу мақсатында орталықтың академиялық ұтқырлық жөніндегі ұлттық жобалар бөлімінің бастығы Сағиева Айгүл Хасенқызы аталған бағдарлама бойынша университеттің студенттерімен кездесті.

Орталық өкіліне «Серпін» әлеуметтік жобасына қатысушы студенттермен кездесуге және мониторинг жасау үшін медицина мектебі деканы М.М. Жанасова тарапынан қолғабыс көрсетілді.

Кездесуде студенттердің жағдайлары талқыланып, көкейдегі сұрақтар қойылды. Университетімізде «Серпін» әлеуметтік жобасындағы студенттердің жалпы саны 40 адам. Олардың 36-сы жатақханамен қамтамассыз етілген.

Кездесуден кейін Айгүл Хасенқызы студенттермен бірге студенттік жатақханада жүріп, студенттердің әлеуметтік жағдайымен танысты.

 

  М.М. Жанасова - медицина мектебінің деканы


0
2775

пікірлер

пікір қалдыру үшін.