Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Курск мемлекеттік медициналық университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы (Ресей, Курск қ.)

Курск мемлекеттік медициналық университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы (Ресей, Курск қ.)

11 Қаңтар 2019

2018-2019 оқу жылының 8 семестрінің "Жалпы медицина" мамандығының 4 курс студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Курск мемлекеттік медициналық университетінде  білім алды. Сабақ "Хирургиялық  аурулар" және "Акушерлік және гинекология"  пәндері бойынша өтті.

1935 жылы ашылған Курск медициналық институты, ал 1994 жылдан бастап медициналық университеті 35 мыңға жуық дәрігерлерді, провизорларды және  денсаулық сақтаудың басқа да мамандарын даярлады.

КММУ - аймақтың ең үлкен білім беру мекемесі. Қазіргі таңда университетте 19 мыңға жуық адам білім алуда, соның ішінде 7000  студент жоғары білім алушылар, 900 -ге жуығы орташа  білікті білім жүйесінің  студенттері, 500 -ден астамы - ординаторлар мен аспиранттар; 1000-нан астамы - қосымша білім алу бағдарламасы бойынша оқитын денсаулық сақтаудың және жоғарғы мектептің мамандары. Жыл сайын 1000 -ға жуық абитуриент медуниверситеттің студенті атанады. Білім алу мамандыққа және білім алу формасына байланысты КММУ-нің 12  кафедрасында 78 басты білім беру бағдарламасымен жүзеге асырылады.

Курск мемлекеттік медициналық университеті Ресейдің ең ескі медициналық білім мекемелерінің бірі болып табылады, сонымен қатар ұлттық білім алу рейтингі бойынша алдыңғы қатарларда тұр.

Бүгінгі күні КММУ-нің білім беру бағдарламалары 16 шет елдерде акредиттелген: Малайзия, Индия, Шри-Ланка, Марокко, Ливань, Йемен, Судан, Ирак, Түркия, Нигерия, Камерун, Иордания, Таиланд, Намибия,  ОАР және Ұлыбритания.

Курск мемлекеттік медициналық университеті - әлемнің 40-тан астам еліне медициналық кадрларды даярлайтын әлемге әйгілі білім беру мекемесі.

Қазіргі уақытта бұл университетте  Малайзиядан, Индиядан, Бразилиядан, Нигериядан, Шри-Ланкадан, Таиландтан және басқада мемлекеттерден 2500-ден аса  шетел азаматтары  білім алуда. Шетел студенттерінің саны 35% дан асады.  Оның 41,5%-ы  БРИКС Мемлекет мүшелерінің азаматтары, 2,4%-ы  ТМД  мемлекет мүшелерінің азаматтары, 28,3% -ы  ШҰЫ мемлекеттерінің азаматтары.

Курск мемлекеттік медициналық университетінде Ресей Федерациясына әйгілі педагогтар, РАЕН, РАМН академиктері, ғылым мен білім беру қайраткерлері, еңбек сіңірген дәрігерлер, профессорлар және денсаулық сақтау ұйымының үздіктері жұмыс жасайды. Осы  дәрігерлердің қадағалауымен торакальді xирургия, кардиоxирургия, ОДКБ, урологиялық, жалпы xирургиялық және акушерлік бөлімшеде бірнеше рет оталарға  қатыстық. Біздің студенттер  клиникалық жағдайларды шешуге белсенді қатысып, науқастарды қабылдауды жүргізді. Әрбір мұғалім біздің білім алуымызға, клиникалық ойлаудың, білікті болашағымыздың қалыптасуына өз үлестерін қосты.

Сабақтан тыс уақытта студенттер Курск қаласының мәдени және тариxи көрнекіліктерін аралауға мүмкіндіктері болды. Жаңа жыл қарсаңында Курск мемлекеттік медициналық университетінің ректоры, Ресей Федерациясының еңбегі сіңген дәрігері, Курск облыстық думасының  депутаты, м.ғ.д профессор В.А.Лазаренко 2018 жылдың 11 желтоқсанында шет тілінде оқитын студенттерді  А.С. Пушкин атындағы Курск мемлекеттік драмалық театрына  драматург Василий Шкваркиннің пьеса желісіне негізделген  "Чужой ребенок" атты ретро-комедиясын  көруге шақырды.

Қарағанды медициналық университетінің студенттері  ұлтаралық бөлімге, деканат басқармасына, Курск мемлекеттік медициналық университетінің ректоры, профессор Лазаренко Виктор Анатольевичке, сонымен қатар Хирургиялық аурулар, Акушерлік және гинекология  кафедраларының барлық профессорлық-оқытушы құрамына жоғары біліктілік пен компетенттілік үшін, мейірімділік үшін және білім алуға үлестерін қосқаны үшін алғыс білдіреді.

ҚММУ-нің ректоры профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына және ұлтаралық бөлімге Курск мемлекеттік медициналық университетінде білім алуға және өмірлік тәжірибе жинауға мүмкіндік бергені үшін алғысымыз шексіз.

"Жалпы медицина" мамандығының 4 курс студенттері.


0
3794

пікірлер

пікір қалдыру үшін.