Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ататүрік университетіндегі академиялық ұтқырлық.

Ататүрік университетіндегі академиялық ұтқырлық.

18 Қаңтар 2019

Мен «Оториноларингология оның ішіндегі балалар» мамандығының 2 курс резиденті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2018 жылдың 28 қазан мен 23 желтоқсаны  аралығында Ататүрік (Эрзурум қаласы, Туркия) университетінің емханасында білім алдым.

Білім алу барысында клиникалық тәжірибемді арттырдым:  мастоидэктомия, тимпанопластика, шырышасты мұрын шеміршегінің резекциясы, ринопластика және тиреоидэктомия сияқты оталарға қатысып,  хирургиялық білімімді арттырдым. Сондай- ақ амбулаторлы науқастарды қабылдау, диагностика және ем тағайындау процесіне қатысып, үлесімді қостым. Осы бағдарламаның арқасында келешекте өз тәжірибемде  қолданатын жаңа білімді игердім.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқудан өтуге берілген мүмкіндік үшін ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға және халықаралық ынтымақтастық бөліміне айтар алғысым шексіз.


0
2922

пікірлер

пікір қалдыру үшін.