Кідіріссіз алгоритмдер
13 Ақпан 2019
Практикалық дағдылар орталығының тьюторлары «Жүрек өкпе реанимациясы. Жүкті әйелдер мен балалардағы ерекшеліктері. Кеңірдекті интубациялау» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингке 45 тыңдаушы қатысты.Тыңдаушылардың басым бөлігі ҚМУ 5 және 7 курс студенттерінен болды. ПДО тьюторлары кідіріссіз көмек көрсету алгоритмінің презентациясын ұсынумен қатар, әрі қарай тренажерда практикалық дағдыларды көрсетті. Барлық студенттерге тренажерда кідіріссіз көмек көрсету алгоритмін өздігінен орындауға мүмкіндік берілді. Студенттер ПДО тьюторларына тренингті ұйымдастырып, әрі баяндалған материалдың қолжетімділігі үшін алғыстарын білдірді.
0
2603
пікірлер
пікір қалдыру үшін.