Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
СТОМАТОЛОГИЯ—БҰЛ ӨНЕР

СТОМАТОЛОГИЯ—БҰЛ ӨНЕР

28 Ақпан 2019

Қарағанды медицина университетінің мейіргерлік білім беру мектебінде «Ортопедиялық стоматология» мамандығының 2-001КСО 2 курс білім алушылары және топ жетекшісі Оразова Бакыт Оразовнаның басшылығымен ұйымдастырылған «Стоматология – бұл өнер, ал оған берілген адамдар, сиқыршылар іспеттес» тақырыбында іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – өз денсаулығына деген құндылық қарым-қатынасы және салауатты өмір салтын насихаттау.

Аталған шарада стоматология туралы түсінік беріліп, аудиторияға түрлі блиц-сұрақтар, викторина, жұмбақтар қойылып, өлеңдер оқылды. Конкурстар жүргізіліп жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Мейіргерлік білім беру мектебінің жас тіс техниктері стоматология кабинетіндегі науқас пен тіс дәрігері арасындағы қызықты қойылымды ұсынды.


0
2607

пікірлер

пікір қалдыру үшін.