Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мейрам келді!

Мейрам келді!

19 Наурыз 2019

Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз мейрамы - көктемгі күн мен түннің теңелу күнімен тұспа-тұс келетін жаңа жылдың басы.

Қазақстанның оңтүстік-батысында Наурыз мейрамы 14 наурыздан басталады.  Осы күннен бастап біздің ата-бабаларымыз жазғы жайлауларға көшіп, ұзақ болған қыстан соң бір бірін көріп үлкен той жасаған. 

Біз Қоғамдық денсаулық және фармация мектебінің студенттері , ата-бабаларымыздың  салт дәстүрін әрі қарай жалғастырып , наурыз мейрамын екі рет тойлауды жөн көрдік.

Қоғамдық денсаулық  және фармация СӨӨБК студенттерін кұттықтау үшін курстастары келіп басқа ұлттардың дәстүрлерін  көрсетіп тағамдарынан дәм тартқызды.  Әндер, билер, қызықты ойындар болды.

Баршаларыңызды  келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Осы жарқын,  жаңа өмір басталуын  бейнелейтін көктем мерекесі барлығыңызға көп қуаныш, жылулық, сәттілік сыйласын! Әрқайсыңызға тыныштық, ынтымақтасьтық, сыйластық және бақыт әкелсін!

Наурыз мейрамы –құтты болсын!


0
2803

пікірлер

пікір қалдыру үшін.