Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Нұрын шашқан әз-Наурыз

Нұрын шашқан әз-Наурыз

20 Наурыз 2019

2019 жылдың 19 наурыз күні Мейіргерлік білім беру мектебі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара өткізді. Аталмыш шараға мектебіміздің білім алушылары, мектеп белсенділері, топ жетекшілері, оқытушылар мен деканат қатысты. Шарада көрісу, беташар, айтыс, палуандар күресі сынды көшпелі халықтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері көрсетілді.

Сондай-ақ мереке барысында ұлттық ойындар мен ән-күйлер насихаталып, ақ дастарханда Қыдыр атаның ақ батасымен жалғасын тапты.  Наурыз ежелгі мерекелердің бірі болып есептеледі, 22 наурыз шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып табылады, барлық шығыс халықтары осы көктемнің шұғылалы мерекесін табиғаттың жаңаруымен байланыстырады. Наурыз мерекесінің тағы бір атауы Ұлыстың Ұлы күні немесе Ұлыс күні деп аталады. Ұлыс күнін шаттықпен, қуанышпен қарсы  алсаң жыл бойы береке, молшылық болады деп есептеледі. 


0
2444

пікірлер

пікір қалдыру үшін.