Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ойлау дағдысын қалыптастыру

Ойлау дағдысын қалыптастыру

04 Сәуір 2019

2019 жылдың 19 мен 30 наурызы аралығында академиялық ұтқырлық аясында жалпы ҚМУ патология кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.ғ.к. Әбдіқадырова Хамида Рахымқызы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына» АҚ барып қайтты.

Күнтізбелік – тақырыптық жоспарға сай (90 сағат) «Мүшелер мен жүйелердің патологиясы» пәні бойынша  «Жалпы медицина» мамандығы 3 курс студенттері үшін, «Физиология негіздері» пәні бойынша  «Жалпы медицина» мамандығы 2 курс студенттері үшін, «Анатомия, физиология және патология» пәні бойынша 1 курс  «Медбике ісі»,«Физиология» пәні бойынша 2 курс «Емдеу ісі» мамандықтарына дәрістер оқылып және тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Сабақ дәстүрлі және белсенді оқыту әдістері бойынша студенттердің жан-жақты қабілетін ашу және шығармашылық мүмкіндіктерін ғылыми бағытпен сабақтастыру мақсатында жүргізілді.

Сонымен қатар, қауымдастырылған профессор Әбдіқадырова Хамида Рахымқызы профессорлық – оқытушылық құрамына студенттер үшін ғылыми ақпаратты өз бетінше іздену мен ойлануға дағдылайтын жаңа әдістердің бірі – RBL (Research Based Learning) ғылыми - бағдарлы оқыту әдісіне семинар өткізілді.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ПОҚ – мен көптеген тәжірибелермен алмасып, белсенді оқыту әдістемелерін қолдану өте тиімді екендігіне көз жеткізе біледі. Медициналық жоғары оқыту орындарында осындай академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмасу оң нәтижесін береді. 


0
2361

пікірлер

пікір қалдыру үшін.