Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бірқатар күшті командалар

Бірқатар күшті командалар

08 Сәуір 2019

1-4 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында студенттер арасында шахматтан Динара Садуакасова кубогына  Республикалық турнир өтті. Жарысқа Қазақстан Республикасының 29 жоғарғы оқу орнынан 124 шахматшы (50-ден астам команда) қатысты. Солардың ішінде халықаралық спорт шеберлері, ФИДЕ, МСК  мастерлері, спорт шеберлеріне үміткерлер, т.б. өнер көрсетті.

Турнир швейцарлық жүйе бойынша, уақыт регламенті 15минут   әр жүріске қосуменөткізілді10секунд. Қарағанды медицина университеті командасы атынан Әбіл Арай, Сарсембаев Аблайхан, Есенбеков Мағжан, Жакажанова Жұлдыз, Мусин Мади ойнады, жаттықтырушы - Коваленко Людмила Владимировна. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды IITU (Алматы), 2-орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы), 3-орынды Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан) иеленді. Біздің команда үздік 20 команда қатарына енді.

Физикалық денсаулық орталығы


0
2407

пікірлер

пікір қалдыру үшін.