Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шетел тілдері бойынша Халықаралық студенттік олимпиада

Шетел тілдері бойынша Халықаралық студенттік олимпиада

03 Мамыр 2019

ЖМ 4-020а тобының студенті Чахар Шивам Халықаралық шет тілдерінен студенттік олимпиадасында «Орыс тілі шет тілі ретінде»номинациясы бойынша үшінші орынға ие болды. Олимпиада жыл сайын Ресей және Орталық Азия елдерінің ЖОО базасында өткізіледі. Биыл олимпиаданы Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ қабылдады. Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қытайдың 34 жоғары оқу орындарының командалары қатысты. Студенттер 5 шет тілі бойынша білімдерін көрсетті: ағылшын, неміс, француз, қытай, орыс тілі шет тілі ретінде. Олимпиаданың мақсаты-мәдениетаралық ықпалдастық жағдайында шет тілдерін оқуға деген ынталандыруды дамыту.

Қарағанды медицина университетінің 15 студенті Орыс тілі шет тілі ретінде пәнінен олимпиадаға қатысты. Бұл Үндістан Республикасы мен Моңғол Халық Республикасының азаматтары. Негізгі қарсыластары Қытайдың филолог-студенттері болған тартысты күресте финалға Сайрангүл Хуатбек (Стом 2-002 тобы), Чахар Шивам (ЖМ 4-020а тобы), Мирза Парвез Бхаиг (ЖМ 4-022а тобы), Картик Кансал (ЖМ 3-005а тобы) өтті. Чахар Шивам барлық тілдік құзыреттіліктерді меңгерудің жоғары деңгейін көрсетіп, Қытай филолог-студенті мен Қырғызстаннан келген студентке ғана жол беріп, үшінші орынға ие болды.

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті Қарағанды медицина университетінің ректоры Р. С. Досмағамбетоваға алғыс хат жолдап, біздің команданың ең белсенді болғанын атап өтті.

Қатысушылардың айтуынша, олимпиада жаңа таныстар мен жақсы әсер беріп, орыс тілінде коммуникацияны дамытудағы тағы бір қадам болды.


0
2396

пікірлер

пікір қалдыру үшін.