Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Малайзиядағы ғылыми тәжіребе

Малайзиядағы ғылыми тәжіребе

04 Мамыр 2019

2019 жылдың 08 мен12-ші сәуір аралығында магистратураның білім беру бағдарламасы шеңберінде, Малайзия елінің, Куала-Лумпур қаласындағы «International Medical University» оқу мекемесінде  «Медицина» мамандығының 1-ші оқу жылының алты магистранты тәжірибеден өтті.

Ғылыми тәжірибе аясында магистранттар зерттеу жұмысының жоспарын, GCP стандарттары мен нормалары, зерттеу қорытындыларының жасау қағидаларын және ғылыми жариялымдарды дайындау барысымен танысты. Тәжірибелік сабақ TBL, PBL, CBL және дәріс түрінде дәріс курсы тыңдалып жүргізілді.

Сонымен қоса, магистранттар университеттің зертхана бөлімін шолып, гендік- инженерия және микробиология саласы бойынша әртүрлі әдіс-тәсілдермен танысты.

ҚМУ- нің магистранттары университет профессорларына кәдесыйларды естелік ретінде  табыстады. 

Оқу бағдарламасының соңында барлық магистранттарға Малайзия елінің, Куала-Лумпур қаласындағы «Халықаралық Медицина Университетінде» ғылыми тәжірибеден өткені жайлы куәліктер табысталды.

Магистратураның 1 курс студенті Сарсенбаев Қасым


0
2519

пікірлер

пікір қалдыру үшін.