«Анатомия білімпаздары» квест-ойыны
30 сәуірде Морфология және физиология кафедрасының анатомия бөлімінің студенттік ғылыми үйірмесінің жұмысы аясында «Жалпы медицина» мамандығының бірінші курс студенттері арасында «Анатомия білімпаздары» атты анатомия пәні бойынша зияткерлік квест-ойын өткізілді. Конкурстың мақсаты: студенттердің логикалық ойлауларын, қойылған сұрақтарға ерекше шешімдерді таба білу қабілеттерін дамыту, ұжымдық сезімдерімен емтихан алдындағы білім деңгейлерін арттыру. Ойынға «Тепличные растения», «Денсаулық», «Mortis», «Разум», «Неттер» атты бес команда қатысты.
Квест-ойын 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - «Анатомиялық квест», командалар түрлі станцияларда, анатомиялық моделдерде адам ағзасының барлық жүйелеріне қатысты сұрақтарға шешім іздеді. Әрбір жауап белгілі бір QR-кодымен жасырылған.
Екінші кезең - «Капитандар блиц турнирі», мұнда «Kahoot» бағдарламасының көмегімен командалардың капитандарына анатомия пәнінің барлық бөлімдері бойынша 20 сұрақ қойылды.
Морфология және физиология
кафедрасының анатомия бөлімі