Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жеңіс күніне арналған концерт

Жеңіс күніне арналған концерт

13 Мамыр 2019

8 мамыр күні Қарағанды медицина университетінің акт залында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған концерт өтті.Концертті жастармен жұмыс жасау бөлімі университеттің шығармашылық үйірмелерімен бірлесіп дайындады.

Мерекелік іс-шараны хор тобының мүшелері Т.Д.Поверникованың  жетекшілігімен ашып, соғыс жылдарындағы әндерге попурри орындады.

Көрермендер шет тілдер кафедрасының меңгерушісі В.А.Бурмистрованың А.Новиковтың «Бізге бейбітшілік қажет» кантатасынан орындаған «Ана» шығармасын жылы қабылдады.

«Golden step» би театры және «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблінің қатысушылары соғыс тақырыбындағы билерімен көпшілікті қуантты.  Сонымен қоса концерттік бағдарламада «Жыр Жауһар» авторлық-поэзия клубының «Мерген қыз» қойылымы болды, әншілердің: Төлеев Айдар «Как молоды мы были», Дана Ералиева «Әлия», Майданов Нүркен «Идет солдат по городу» әндері, сонымен қоса әншілер тобының «Сарбаздар» және «Выйду в поле с конем» әндері шырқалды.

Мерекелік іс-шараның ең маңызды сәті университетіміздің  Ұлы Отан соғысына қатысқан қызметкерлеріне арналған Мәңгілік даңқ» азаматтық-патриоттық акциясының өтуі болды және «День Победы» әнінің шырқалуы болды.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2619

пікірлер

пікір қалдыру үшін.