Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Зерттеу дағдыларын қалыптастырамыз

Зерттеу дағдыларын қалыптастырамыз

16 Мамыр 2019

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында "Жалпы медицина" мамандығының 3 курс студенттері арасында "Пациент және қоғам" модулі бойынша білім беру үдерісінде ғылыми-бағытталған оқытуды қолдану аясында постерлерді қорғау өтті. Постерлермен жұмыс істеу барысында халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері, денсаулық жағдайына және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне қауіп факторларының әсері талданды.

Студенттер өз жобаларының барлық кезеңдерін: әдеби ізденіс, әлеуметтік зерттеу, статистикалық өңдеу және алынған нәтижелерді түсіндіруді оқытушылардың басшылығымен жүргізді. Бұл білім беру бағдарламасында игерілген білім, білік және дағдыларды қолданудың тамаша тәжірибесі болды. Студенттер ғылыми дағдыларды қаншалықты меңгергенін, зерттеудің статистикалық, аналитикалық, әлеуметтік әдістерін қалай меңгергенін, командада қалай жұмыс істеу керектігін, жұмысты қалай рәсімдеу және көпшілік алдына қалайшығу керектігін көрсетті.


0
2338

пікірлер

пікір қалдыру үшін.