Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Рязан кафедрасының негізінде сабақтар

Рязан кафедрасының негізінде сабақтар

17 Мамыр 2019

Академик  И.П.Павлов атындағы Рязан мемлекеттік медицина университеті  - Ресейдегі көне сонымен бірге қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орны. Қуатты педагогикалық ұжым, инновациялық оқыту және медициналық технологияларды енгізу университетке RoundUniversityRankings әлемдік рейтингіне кіруге мүмкіндік берді. Университетте Еуропаның, ТМД, Африка және Азияның 50-ден астам елінің студенттері білім алуда.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша №3 ішкі аурулар кафедрасының қауымдастық профессоры Ирина Викторовна Бачева И.П.Павлов атындағы Рязан мемлекеттік медицина университетінде 2019 жылдың 22 сәуірінен 30 сәуіріне дейін болды. Оқу әдістемелері урология және нефрология кафедрасында өткізілді.

Тақырыптық жоспарға сәйкес И.В.Бачева «Нефрология» пәні бойынша жалпы медицина факультетінің 6 курс студенттеріне және  1 курс ординаторларына дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар өткізді.

Оқытудың дәстүрлі және белсенді оқыту әдістерінің құрамасымен мына тақырыптар бойынша клиникалық жағдайларды интерактивті талдады: зәр шығару жолдарының инфекциялары оның ішінде жүктілерде, созылмалы бүйрек ауруы, бүйрек жедел зақымдалуы, нефропротекция мәселелері талқыланды. зәр шығару жолдарының инфекциялары сияқты клиникалық жағдайларды интерактивті талдау. Ординаторларға «Парапротеиноз» авторлық проблемалық дәріс берілді. Өткізілген сабақтардан кейін И.В.Бачева. студенттер мен ординаторлардан дифференциалды сынақтарын және аралық бақылауды қабылдауға қатысты.

Академиялық ұтқырлық кезінде И.В.Бачева МБУ РО №11 қалалық клиникалық аурухананың құрылымымен және медициналық жұмысымен танысып, нефрология бөлімімен диализ бөлімдерінде бақылауға атсалысып, пациенттерді диагностикалау және емдеу мәселелерін талқылаған.

  Бачева Ирина Викторовна


0
2572

пікірлер

пікір қалдыру үшін.