Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Әлемдік деңгейдегі университетті құру

Әлемдік деңгейдегі университетті құру

24 Мамыр 2019

2019 жылдың 14-16 мамыры аралығында «WELCOME: Жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» жобасы аясында Бейханг университетінде (Қытай, Пекин) «Әлемдік деңгейдегі университет құрудағы интернационалдандыру стратегиясының рөлі» атты халықаралық конференциясы өтті.

Конференция жоғары оқу орындарын интернационалдандыру стратегияларына және оның әлемдік деңгейдегі университетті құруға тигізер әсеріне арналды және әлемдік деңгейдегі университеттердің интернационалдандыруы, халықаралық стратегияларды құру және іске асыру мен болашақ әлемдік университеттердің мүмкіндіктері мен проблемалары сияқты тақырыптар бойынша негізгі баяндамалардан,жалпы және параллелдік сессиялардан құралды.

Пленарлық отырыстар Бейханг университетінің халықаралық және академиялық мәселелер бойынша вице-президенті, профессор HuangHaijun-тың, ЮНЕСКО-ның жоғары білім беруді басқару бойынша директоры және Каталонияның политехникалық университетінің жобалар үйлестірушісі профессор VicencFernandez-тің кіріспе сөзімен ашылды.

Пленарлық отырыстың негізгі спикерлері тарапынан келесі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды:

-  «Internationality of Higher Education: Common Challenges? VariedConditions? VariedSolutions?» (профессор Ульрих Тейхлер, Жоғары білім берудің халықаралық ғылыми орталығы, Кассель университеті, Германия);

-  «GlobalAmbitions: InternationalizationandChina’sRiseasKnowledgeHub» (Профессор Энтони Велш, Сидней университетінің білім беру және әлеуметтік жұмыс мектебі)

-  «BeihangandGlobalEngagement» (Ли Юинг, Бейханг университетінің Халықаралық бөлімі директорының орынбасары);

-  «InternationalizationandEnhancingtheInternationalCompetitivenessofJapan’sUniversity» (Профессор Хуанг Футао, Жоғары білім берудің ғылыми-зерттеу институты, Хиросима университеті, Жапония);

-  «BestPracticesonInternationalizationinHigherEducationInstitutionsinPortugal» (Доктор Руи Мендес, Халықаралық қатынастар департаментінің директоры, Лиссабон политехникалық университеті);

-  «Internationalization in Kazakhstan: Taking Advantage of Geopolitics» (ПрофессорЭндрюУэчтел, Нархоз университетінің ректоры);

-  «EducatingforGlobalCompetitiveness: LessonsfromCanada» (Доктор Мэрилин Ламберт-Драч, Йорк университетінің гуманитарлық және кәсіби білім беру факультеті) және т.б.

Конференцияда Эразмус+ WELCOME жобасының Каталония Политехникалық университетінен (Испания), Таллинн техникалық университетінен (Эстония), Лиссабон университетінен (Португалия), Ровир және Вирхили университетінен (Испания), Корольдік технологиялық институтынан (KTH), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен (Қазақстан), Нархоз университетінен (Қазақстан), Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінен (Қазақстан), Тонджи университетінен (Қытай) келген концорциум өкілдері белсенді қатысты.

Конференциямен қатар, 14 мамырда WELCOME жобасының жұмыс топтарының кездесуі мен WELCOME жобасы және TKCOM жобасына қатысушы жұмыс топтарының жобааралық жаттықтыру кездесулері өтті. Бұл кездесуде университеттің өкілдері өз жобаларын ұсынды, тәжірибе алмасты, өз жобаларының нәтижелерімен, қиындықтарымен және келешек жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ, 16 мамырда конференция бағдарламасының аясында білім беру көрмесі түрінде«Beihang Partner Days» серіктестер күніөткізілді, мұндабарлық қатысушы университеттер Қытайдағы студенттерге өз университеттері туралы ақпарат таратып, ақпараттық және желілік кездесулер өткізуге мүмкіндік алды.

Еске сала кетсек, WELCOME жобасы «ҚМУ» КеАҚ-да 2016 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Жобаның негізгі мақсаты - халықаралық бағытты нығайту және Қазақстан мен Қытайдың жоғары оқу орындарында интернационалдандыруды күшейту. Қосымша ақпаратты жобаның ресми сайтындаhttp://www.welcomeproject.net сондай-ақ http://erasmus.qmu.edu.kz/?page_id=545 сайтында ала аласыздар.


0
2437

пікірлер

пікір қалдыру үшін.