Испаниядағы ғылыми тағылымдама
2019 жылдың 29 сәуірі мен 6 мамыры аралығында Испанияның Барселона қаласында «University of Barcelona» оқу мекемесінде магистратура білім беру бағдарламасының аясында «Медицина» мамандығының 1-ші оқу жылының 10 магистранты «University of Barcelona International Course on Health and Medicine Sciences» курсын тәмәмдады.
Ғылыми тәжірибе аясында магистранттар зерттеу жұмысының жоспарлануы, GCP
стандарттары мен нормаларын, зерттеу нәтижелерін ресімдеу және ғылыми мақаларды
ағылшын тілінде баспаға жариялау ережелерімен танысып, өтілген дәрістер бойынша 2
емтихан тапсырды. Тәжірибелік сабақ TBL, PBL, CBL түрінде жүргізілді.
Сонымен қатар, магистранттар университеттің Hospital clinic de Barcelona ауруханасына
барып, ондағы нефрология оның ішінде гемодиализ, ота жасау, дерматология, күндізгі
стационар бөлімшелерінің жұмысымен танысты.Аурухананың, науқастардың туыстарын
хабарландыру саласындағы сонымен бірге, науқастарды үйлестіру бойыншаинновациялық жүйелерімен таныс болды.
ҚМУ- нің магистранттары университет профессорларына кәдесыйларды естелік ретінде
табыстады.
Оқу бағдарламасының соңында барлық магистранттарға Испаниядағы Барселона
Университетінде ғылыми тәжірибеден өткені жайлы куәліктер табысталды.
Магистратураның 1 курс студенті Тоғжан Абдикаликова.