Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа технологияларды қолдану сабақтары

Жаңа технологияларды қолдану сабақтары

28 Мамыр 2019

Жедел медициналық көмек кафедрасының қауымдасқан профессоры Оразбаева Баxыткуль Сериковна2019 жылғы 26 сәуір мен 4 мамыр аралығындағы академиялық мобильділік бойынша Х.А.Яасауи атындағы Халыаралық қазақ-түрік университетінде жұмыс істеді.

Қазіргі күнде Ходжа Аxмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті - Қазақстанның жетекші көп салалы университеттерінің бірі.Университеттің 10 факультетінде 54 мамандық бойынша бакалавриат,30 мамандық бойынша магистратура,11 мамандық бойынша докторантура PhD,5 мамандық бойынша резидентура және 6 мамандық бойынша интернатурада 8 мыңға жуық студенттер, магистранттар, резиденттер,интерндер және 15 түрлі мемлекеттен келген докторанттар білім алады.

Академиялық ұтқырлық Жалпы медицина факультетінің "Жедел медициналық көмек"кафедрасында өткізді.Осы іс-сапар уақытында кафедра меңгерушісі медициналық ғылым кандидаты Кумисбабаева Кумисай Сабитовнаның жалпы медицина факультетінің 4 курс студенттеріне жүргізген "Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кезіндегі шұғыл жағдайлар", "Кенеттен өлім"тақырыптарында тәжірибелік сабактары мен дәрістеріне қатыстым. Кафедра дәрістері келесі тақырыптар бойынша:"Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулар кезіндегі жедел жағдайлар","Кенет өлім".Өзімнің академиялық мобильділік аясында арнайы өңделген бағдарламамен жалпы медицина факультетінің 4 курс студенттеріне тәжірибелік сабақтар өткіздім.Сабақтар "Іштің жабық жарақаты","Ішектердің инвагинациясы","Шап жарығының түсуі" тақырыптар бойынша инновациялық білім беру теxнологиясын қолданумен жүргізілді. Білім беру дәстүрлі және белсенді әдістерді байланыстыру арқылы білім алушының шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттілігін ашуға бағытталады. Студенттер жағдайлық есепті шешуде, тест тапсырмаларын шешуде,сұрақтар қоюда өте белсенді болды. Айта кететін жайт жүргізілген сабақтарда студенттер психологиялық микроклимата бір-бірімен жақсы қатынаста болды,студенттер оқу əдістемесін улкен энтузиазммен қабылдады.

Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің сабақтарда қатысқан мұғалімдердің ой бойынша тəжрибелік ссбақтар өье жоғары педагогикалық жəне толық материалды əдістемелік дəрежеде өтті,мақсаттар мен тапсырмалар толығымен іске асты.Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетіндегі тарихи музейінде экскурсия жүргізілді. Əсіресе,бүгінгі күнге дейін жалпы кітапттар қоры 1 млн.нан асатын ғылыми кітапханасы өте ұнады.кітапханада өте сирек кездесетін XIXғ-дың соңы мен-ХХ ғ.басы аралығындағы қол жазбаларды көруге болады.Сабақтан тыс бос уақыттарда Түркістан қаласының мəдени-тарихи қонақжайлылықтарын көруге мүмкіндік туды.

Х.А.Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессорлық-білім берушілер құрамына ұйымдастырушысына үлкен алғыс білдіргім келеді.Əсіресе жалпы медицина факультетінің Жедел медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к Бабаева Кумисай Сабетовнаға қарым-қатынастағы қарапайымдылығы мен ,жанашырлығын атап өткім келеді.

Жедел медициналық көмек кафедрасының қауымдасқан профессорыБ.С.Оразбаева


0
2603

пікірлер

пікір қалдыру үшін.