Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Душанбеде тәжірибе алмасу

Душанбеде тәжірибе алмасу

30 Мамыр 2019

"Қарағанды медицина университеті" КеАҚ эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасының оқытушылары Абуали Ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің Халықаралық бөлімінің шақыруынүлкен алғыспен қабылдап, 13.05. - 26.05 дейін. 2019ж. уақыт аралығында тәжірибе алмастым.

2 апта бойы мен Абуали ибн Сино атындағы ТММУ-нің оқу бөліміне берілген тақырыптық жоспар мен сабақ кестесіне сәйкес дәрістік және практикалық сабақтарды өткіздім. Фтизиопульмонология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамымен оқытудың белсенді әдістері талқыланды. Жұмыс барысында Абуали ибн Сино атындағы ТММУ фтизиопульмонология кафедрасының базасымен таныстым. Барлық сабақтар тақырыптық жоспарға сәйкес қызықты өтіп, фтизиопульмонология кафедрасының студенттері мен оқытушыларының қызығушылығын тудырды.  Студенттерді оқыту және кафедра оқытушыларының бірлескен жұмысы жемісті және тиімді болды.

Жалпы бұл сапар мен үшін  көп әсер қалдырды, өйткені бұл менің Абуали ибн Сино атындағы ТММУ-ға алғашқы сапарым. Білікті дәрігерлермен және білім алушы  студенттермен тілдесіп, техниканың жаңа үлгілерімен жабдықталған заманауи аудиторияларымен таныстым.  Физиопульмонология кафедрасының барлық әріптестеріне және Абуали Ибн Сино атындағы ТММУ қызметкерлеріне денсаулық, оқуда және болашақта жоғары білікті  мамандарды даярлау ісінде сәттілік тілеймін.


0
2485

пікірлер

пікір қалдыру үшін.