Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қоғам басшылығы жұмысқа кірісті

Қоғам басшылығы жұмысқа кірісті

05 Маусым 2019

1. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35, 36 баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 178 бабына, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 230 бұйрығының сәйкес «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің құрамы құрылды. Оның өкілдері:

Әбішев Олжас Амангелдіұлы - ҚР Денсаулық сақтау вице министрі;

Бадина Юлия Викторовна - тәуілсіз директор;

Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы - «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы - Ректор;

Зорин Борис Викторович - тәуелсіз директор;

Кадюков Николай Викторович - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары;

Петренко  Елена Степановна - тәуелсіз директор;

Сыдықова Сауле Ильясқызы- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының міндетін атқарушы;

2. Директорлар Кеңесінің 2019 жылғы 31 мамырдағы шешіміне (№1 хаттама)сәйкес, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР Денсаулық сақтау вице - министрі Әбішев Олжас Амангелдіұлы сайланды.

3. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35, 36 баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 178 бабына, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Жарғысының 44-тармағына, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы  1 сәуірдегі  №29ж/в бұйрығымен Басқарма Төрағасы - Ректор болып Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы тағайындалды.

4. Директорлар кеңесінің 2019 ж. 31 мамырдағы шешіміне сәйкес (№1 хаттама) келесі құрамда атқарушы орган – «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқармасы құрылды:

Хэндриксон Вайва  - бірінші Проректор  (провост);

Көшерова Бахыт Нұрғалиқызы - Клиникалық жұмыс жөнінедегі проректор;

Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы - Стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректор;

РиклефсВиктор Петрович - Академиялық жұмыс жөніндегі проректор;

Түсіпова Камшат Маратқызы - Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының проректор-директоры

Бектұрганов Зәкір Зәкәрияұлы - Басқарушы директор.

5. Директорлар Кеңесінің 2019 жылғы 31 мамырдағы шешіміне сәйкес (№1 хаттама) «Қарағанды медицина университеті» Ішкі аудит қызметі келесі құрамда құрылды:

Рахимжанова Раушан Амангелдіқызы -ішкі аудит қызметінің басшысы;

Бугутаева Марал Амангелдіқызы-ішкі аудит қызметінің аудиторы;

Гомель Люция Радиковна-ішкі аудит қызметінің клиникалық аудиторы

6. Директорлар Кеңесінің 2019 жылғы 31 мамырдағы шешіміне сәйкес (№1 хаттама) «Қарағанды медицина университеті» ұйымдастыру құрылымы бекітілді.


0
2848

пікірлер

пікір қалдыру үшін.