Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шанхаймен ынтымақтастықты орнатудамыз

Шанхаймен ынтымақтастықты орнатудамыз

10 Шілде 2019

5 шілде күні Шанхай университетінің (Қытай) өкілдері Қарағанды медицина университетіне келді.

Делегацияның келу мақсаты - Қарағанды медицина университеті мен Шанхай университеті арасындағы медициналық білім беру және зерттеу саласындағы ынтымақтастықты талқылау болып табылады.

Шанхай университеті Қытайдағы алдыңғы қатарлы зерттеу университеттерінің бірі болып табылады, онда жақында Университеттің медициналық мектебі ашылды.

Сапар барысында қонақтар ҚМУ басшылығымен кездесіп, Халықаралық ынтымақтастық бөлімі, Медициналық генетикалық зертхана, Welcome орталығы және Практикалық дағдылар орталығында болды.

 «ҚМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Р.С. Досмағамбетовамен, оқу жұмысы жөніндегі проректоры В.П. Риклефспен, сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының проректор-директоры К.М. Тусуповамен, мектеп декандарымен, жоғары оқу орны бөлімшелерінің басшыларымен кездесу барысында ынтымақтастықтың егжей-тегжейлі мәселелері талқыланды.


0
1947

пікірлер

пікір қалдыру үшін.