Астана күніне өткен мерекелік шараның нәтижесі
11 Шілде 2019
Әскери кафедраның жылдық жоспары бойынша, 2018-2019 оқу жылының оқу жаттығу жиынында, шілденің 5-і жұлдызында әскери кафедраның студенттері арасында кіші футболдан Астана күніне арналған мерекелік шара өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды 4 взвод футбол командасы (КарМУ), 2-ші орынды 1 взвод футбол командасы (ҚМУ), 3-ші орынды 3 взвод футбол командасы (КарМУ) иеленді.
Келесі номинациялар бойынша студенттер марапатталды:
– «Үздік шабуылдаушы» – 4-ші взвод студенті Қарақұлов Бауыржан Сәрсенұлы (КарМУ);
– «Үздік жартылай қорғаушы» – 4-ші взвод студенті Толықбаев Райымбек (КарМУ);
– «Үздік қорғаушы» – 1-ші взвод студенті Баратов Қанатбек Баратұлы (ҚМУ);
– «Үздік шабуылдаушы» – 1- ші взвод студенті Мақсұт Жандос Сайранұлы (ҚМУ).
0
2035
пікірлер
пікір қалдыру үшін.