Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Диссертациялық кеңес отырысы

Диссертациялық кеңес отырысы

11 Шілде 2019

2019 жылдың 28 маусымында ҚМУ-де  диссертациялық кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «12-13 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында артериальді гипертензияның дамуына мінез- құлық және физиологиялық факторлардың әсері» тақырыбына 6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін ізденуге  Оспанова Айнур Смагуловнаның диссертациясын қорғауы болды. Диссертация «Семей медициналық университеті»  КеАҚ орындалды.

Ғылыми кеңесшілері: Керимкулова Айман Сайлаубековна - м.ғ.к, «Астана медициналық университеті»  КеАҚ жанұялық және дәлелді медицина кафедрасының профессоры, Нұр-Сұлтан  қ.; Рымбаева Тамара Хамитовна – м.ғ.к., «Семей медициналық университеті» КеАҚ ревматология және жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті; Гржибовский Андрей Мечиславович - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау институтының аға кеңесшісі, Осло қ., Норвегия; Йошихиро Носо – MD, PhD, Шимане университетінің профессоры, Изумо қаласы, Жапония.

Табысты қорғауыңызбен құттықтаймыз!!!


0
2444

пікірлер

пікір қалдыру үшін.