Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кездесу орны – «WELCOME» орталығы

Кездесу орны – «WELCOME» орталығы

05 Қыркүйек 2019

3 қыркүйекте Қарағанды медицина университетінде «WELCOME» сервис – бағдарланған орталығының салтанатты түрде ашылуы өтті. Салтанатты рәсім университет басшылығының, мектеп декандарының, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен өтті.

  Эразмус+ жобасы аясында университеттің академиялық және әлеуметтік – мәдени ортасына шетелдік білім алушылар мен оқытушыларды біріктіру мақсатында құрылған орталық ЖОО халықаралық ынтымақтастық бөлімінде студенттер қатарынан еріктілердің қатысуымен табысты жұмыс істейді.

Орталықты аша отырып, Басқарма Төрағасы – Университет ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы ЖОО жаһандануды дамытуда елеулі табыстарға тоқталып, осы стратегиялық бағыттағы жаңа жетістіктерге үміт білдірді.

 «WELCOME» орталығында оқыту және жұмыс жасау, сондай – ақ шетел қонақтарының бос уақытын ұйымдастыру  және кеңестік қолдау, кездесулер мен семинарлар, мәдени іс – шаралар өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған.   


0
2114

пікірлер

пікір қалдыру үшін.