Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Литва университеттермен таныстырады

Литва университеттермен таныстырады

07 Қазан 2019

Литва университеттерімен білім алу мен академиялық алмасу және ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктері осы күндері Қарағанды медицина университетінің қабырғасында өткен конференцияда талқыланады.

Вильнюс университеті мен Литвалық жоғары білім беру саласындағы алмасуды қолдау қоры өкілдерінің тобы Қарағанды қаласына арнайы келіп, студенттердің, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлерінің қауымдастықтарына Литваның жоғары оқу орындарында білім алуға және олармен медициналық, техникалық бағыттар бойынша ғылым саласында, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары саласында ынтымақтасуға мүмкіндік беретін барлық бағдарламаларды таныстыру үшін келді.

Ол үшін форумға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚарМИУ, ОҚА өкілдері шақырылды. Конференцияның ашылуы Қарағанды қаласындағы Литваның Құрметті Консулы Тварионас Виталий Иононың қатысуымен өтті.

Қарағанды медицина университетінің ректоры, профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова қонақтарға 2010 жылы Болон жүйесіне қосылған қазақстандық жоғары білім берудің даму жолдары туралы айтып берді.

2016 жылдан бастап медицина университетінде еуропалық және қазақстандық университеттер арасындағы стратегиялық серіктестік жүзеге асырылуда. ҚМУ Бас стратегиялық серіктесі - Лунд университеті (Швеция). Бірақ сонымен қатар біздің университеттің әрбір мектебі білім беру және ғылыми қызметті табысты дамыту үшін серіктесті таңдайды. Вильнюс университеті Медицина мектебінің серіктесі болды. Бұл білім беру бағдарламаларын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер ашты.

Осы жылы ҚМУ провосты Вайва Хендриксонмен (Вильнюс Университетінің медицина факультеті деканының орынбасары) бірге, біздің жоо-да отбасылық медицина бойынша резидентура бағдарламасы әзірленді. Студенттердің алмасуын жүзеге асыруға, Литвадан профессорларды шақыруға мүмкіндік туды. Вильнюс университетімен бірге біз сапаны басқару жүйесін жетілдіреміз.

Аталған конференцияны ЕО жобасы аясында Вильнюс университеті ұйымдастырды. Ол Қазақстандағы Литва жоғары оқу орындарының хабардарлығы мен беделін арттыруға, Литвада білім алуға, академиялық алмасу мен ғылымды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.

Конференцияға қатысушылар арасында осы күн бойы жанды қарым-қатынас барлық қызықтыратын ақпаратты алуға, сондай-ақ байланыс деректерімен алмасуға мүмкіндік берді.


0
2540

пікірлер

пікір қалдыру үшін.