Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кәсіпкерлік ойлауды дамыту: Қарағанды медицина университетінің тәжірибесі

Кәсіпкерлік ойлауды дамыту: Қарағанды медицина университетінің тәжірибесі

15 Қазан 2019

Нұр-Сұлтан қаласында 3-4 қазан күндері Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жоғары білім берудегі инновациялар және кәсіпкерлік» атты Erasmus+ InnoCENS жобасының аясында халықаралық конференция өтті. Конференцияны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы ұйымдастырды.

  Конференцияның мақсаты өнеркәсіптік кәсіпорындармен және бизнес-қоғамдастықпен өзара әрекеттесу арқылы білім алушылар арасында кәсіпкерлік мәдениетті дамытуда университеттерге сараптамалық қолдау көрсету болды.

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова, InnoCENS жобасының үйлестірушісі Huaan Fan (Швеция), Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің директоры  Шайзада Тасбулатова конференцияға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

  Конференцияға Швеция, Испания, Финляндия, Беларусь, Грузия, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан жоғары оқу орындары қатарында Қарағанды медицина университеті де қатысты. «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының үйлестірушісі комплаенс-офицері Александр Урмашовтың және «StarSHOES» стартапы «АКБ» командасының «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының амбассадоры Медицина мектебінің 5 курс студенті Александра Ким баяндама жасады, шетелдік әріптестердің қызығушылығын тудырып және жоғары дәрежеде бағаланды. «ҚМУ» КеАҚ-да кәсіптік білім беруді енгізу мен дамыту үшін жағдай жасайтын жетекші университет болып табылады, сонымен қатар қазіргі Қазақстанда медицина саласында кәсіпкерлікті дамыту өте маңызды екендігі туралы айтылды.

«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы біздің университетте 2017 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді және оның нәтижесі университет студенттерінің инновациялық жобалары болып табылады.

#EcoSystemERG #entrepreneurship #Erasmus+ #InnoCENS

 «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының үйлестірушісі комплаенс-офицері Александр Урмашов,

«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының амбассадорыМедицина мектебінің 5 курс студенті Александра Ким.


0
2207

пікірлер

пікір қалдыру үшін.