Сапалы зерттеулер мен мейіргер ісін дамытуға арналған жобалардың тәжірибелік материалдарын пилоттау
2019 жылдың 7-11 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында
Назарбаев университетінің медицина мектебінде, Қарағанды медицина университеті
мен JAMK (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университетінің ұйымдастыруымен
«Сапалы зерттеулер мен мейіргер ісін дамытуға арналған жобалардың тәжірибелік
материалдарын пилоттау» тақырыбында қарқынды шеберлік классы өтті.
Мастер-классқа медициналық жоғары оқу орындарының, жоғары медициналық колледждердің, колледждердің оқытушылары, сонымен қатар академиялық іс бойынша мамандар қатысты. Қарағанды медицина университетін: академиялық жұмыс департаментінің директоры А.Б. Ташетова, мейіргер ісі кафедрасының оқытушысы И.Б. Меерманова, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының магистранты Ж.М. Қуаныш таныстырды.
Ж.М. Қуаныш
«Қоғамдық денсаулық сақтау»
мамандығының магистранты