Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттер қатарына қабылдау – 2019

Студенттер қатарына қабылдау – 2019

22 Қазан 2019

Қарағанды медицина университетінде бірінші курс студенттері үшін көптен күткен оқиға болды –  Студенттер қатарына қабылдау рәсімі. Бұл жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара, ол әр студенттің өміріндегі ең жарқын және ұмытылмас кезеңнің бастамасы болып табылады.

17 қазанда біздің бірінші курс студенттері Қарағанды медицина университетінің үлкен және тату отбасының толыққанды мүшесі болды.

Қысқа мерзімде университеттің қоғамдық өміріне қатысып, өздерін көрсетуге үлгерген бірінші курс студенттерін құттықтап, кішігірім сыйлық сыйлау үшін, университеттің әкімшілігі, факультет декандары мен мектептердің оқытушылары келді.

Академиялық жұмыс жөніндегі проректор Виктор Петрович Риклефс өз сөзінде, бірінші курс студенттеріне лайықты түлек болуына, кейін өз мамандығының кәсіби маманы болуын тіледі.

Концерттік бағдарлама "Гаудеамус" Студенттік гимн вокалдық хор тобының орындауынан басталды.Салтанатты ант беру, Ұлы Гиппократтың қолынан Білім кілтін тапсыру салтанаты болды.

Студенттік өмір-бұл тек дәрістер мен сессиялар ғана емес. Студенттердің өмірі қызықты және ерекше екенін студенттердің шығармашылық ұжымдарының өнерлері көрсетті.

  Үндістаннан келген халықаралық факультеттің студенттері қызықты өнерлерімен көрермендерді қуантты.

  Студенттер қатарына қабылдау біздің университеттің дәстүріне айналды, бұл шара көрермендер мен қатысушыларға күлкі мен жақсы көңіл-күй сыйлайды!

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
2183

пікірлер

пікір қалдыру үшін.