Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Иммунолог-аллергологтардың жетістіктері туралы

Иммунолог-аллергологтардың жетістіктері туралы

23 Қазан 2019

2019 жылы қазан айының  4-5 маусымында еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда ҚР Иммунологтарының II съезі өтті. Съезге "Аллергология-иммунология" мамандығының резиденттері М. Е  Бекмухамбетова және Е. А. Галатон қатысты. Конференция спикерлері Ресей, Беларусь, Қазақстан, Австрия елдерінің жетекші мамандары болды. Атап айтқанда, молекулалық аллергодиагностика саласындағы маман, ISAC тестінің негізін қалаушы, Веналық медициналық университетінің профессоры Рудольф Валент шақырылды.

Конференция аясында біріншілік иммундық тапшылығы бар пациенттерді диагностикалау және емдеудің қазіргі заманғы стандарттары саласындағы жетістіктер кеңінен жария етілді, сонымен қатар біріншілік иммундық тапшылығы бар балалардың клиникалық жағдайларын талдау негізінде жетекші мамандардан кеңес берілді, НАО, TREC\KREC  атты зертханалық тестілерді диагностикалау бойынша мастер-класстар өткізілді. Профессор Р. Валентаның аллергиясы бар пациенттерді жүргізу молекулалық аллергия диагностикасына толық негізделуі тиіс екендігі туралы баяндамасын атап өткіміз келеді.

М. ғ. д., профессор М. А. Газалиеваның жетекшілігімен аллерголог-иммунолог резиденттер заманауи аллергология-иммунология дамудың жаңа толқынына шығып, емдеудің тиімділігін еселеп арттырып келе жатқанына көз жеткізді


0
2306

пікірлер

пікір қалдыру үшін.