Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

07 Қараша 2019

5 қарашада Румынияның Қазақстан Республикасындағы, Қырғызстан Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чезар Армеану іс-сапармен Қарағанды қаласына келді. Сапардың басты мақсаты – Румыния киносы фестивалінің ашылуы.

  Елші мырзаның тау-кен астанасына сапары барысында Басқарма Төрағасы – Ректор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызымен, стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректор Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызымен және  «Dacia» Румын мәдени қоғамы ҚБТөрағасы  Плушкис Николай Васловасовичпен кездесу өтті. Қазақстан мен Румыния арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын ескере отырып, Қарағанды медицина университеті мен Румыния университеттерінің бірлескен жобаларын жүзеге асыру, академиялық алмасу, румындық мамандардың қатысуымен семинарлар, мастер-кластар өткізу, Эразмус+ бағдарламасы бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

  Чезар Армеану мырза университет студенттеріне Румыния туралы кіріспе дәріс оқыды. Кездесу соңында режиссер Влад Пэунескудің румыниялық«LIVE» атты фильмі көрсетілді, фильмде биліктің жоғарғы топтарындағы саяси қастандық пен сыбайлас жемқорлық туралы ашып айтқан тележүргізуші туралы айтылады.


0
2260

пікірлер

пікір қалдыру үшін.